Ақтөбе облысы прокуратурасы органдарының сенім телефондары:
1. Ақтөбе облысының прокуратурасы - 8(7132)213-353, 215-866, 219-909, 212-980; 2. Ақтөбе қаласының прокуратурасы – 8(7132)213-617, 213-651; 3. Ақтөбе табиғатқорғау прокуратурасы - 8(7132)221-446, 404-165; 4. Әйтекеби аудандық прокуратурасы - 8(71339)21-4-34, 21-1-79; 5. Алға аудандық прокуратурасы – 8(71337)3-11-79, 3-15-13; 6. Байганин аудандық прокуратурасы – 8(71345)22-1-54, 22-1-61; 7. Ырғыз аудандық прокуратурасы – 8(71343)21-3-76, 21-2-01; 8. Қарғалы аудандық прокуратурасы – 8(71342)22-9-34, 22-1-06; 9. Қобда аудандық прокуратурасы – 8(71341)21-5-58, 21-2-55; 10. Мәртөк аудандық прокуратурасы – 8(71331)21-6-44, 21-4-56, 21-4-66; 11. Мұғалжар аудандық прокуратурасы – 8(71333)3-63-58; 12. Темір аудандық прокуратурасы – 8(71346)2-21-05, 2-21-04, 2-21-03; 13. Ойыл аудандық прокуратурасы – 8(71332)21-9-18; 14. Хромтау аудандық прокуратурасы – 8(71336)21-6-34, 21-6-54, 21-7-54; 15. Шалқар аудандық прокуратурасы – 8(71335)21-6-33.

Басты

Сіздермен Ақтөбе облысы прокуратурасының сайты әлемінде жүздескеніме қуаныштымын.

Арнаулы сайттың ашылуы Сіздерге облыс прокуратурасының органдары туралы кең көлемде мол мағлұмат алатын мүмкүндікке жол ашты деп үміттенемін. Ашылған арнаулы сайттың сайт әлеміне енушілермен қайтара жүздесіп байланысуға мүмкүндік беретінін ескерсек, мемлекет пен қоғам мүддесін, азаматтардың құқығын қорғау барысындағы прокуратура органдарының қызмет барысы туралы шынайы, дер кезіндегі және сапалы мәлімет беру белсенділігін арттыруға қызмет етеді деп ойлаймын.
Біздің қызметіміздегі ашықтық,жариялылық, прокуратура органдары қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша ұстанымдарына уақытылы түсінік беріп отыру, қоғамның біздің алдымызға қойылған мақсат пен міндеттерімізді түсінуіне септігін тигізеді деп санаймын. .
Бұл сайт Ақтөбе облысы прокуратурасы органдарының жұмысы туралы қызықты да пайдалы ақпараттар көзі болатындығына сенемін.

Құрметпен,
Ақтөбе облысының прокуроры

Жаңалықтар:

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуратурасы және аудан бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының құрылымы енгізілген «Бизнес тірегі» жобасын аудан аумағында түсіндіру іс-шарасын өткізу барысында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерінің тарапынан Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының талаптарын бұзу дерегін анықтады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық прокуратурасы кәсіпкер Ж.Аймақованың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы кезінде туындаған кедергілерді жойды.

Ақтөбе қаласы прокурорының наразылығы бойынша Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот сатысымен, А.К. Утеулинаның «Клининг-Регион» ЖШС-не жұмысқа қайта орналастыру, мәжбүрлі демалыс кезіндегі еңбек ақысын, моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған қалалық сот шешімінің күші жойылды.

Ақтөбе облысы сотының апелляциялық сот сатысымен Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кәмелетке толмаған қылмыскерді ҚР ҚК-нің 99-бабымен кінәлі деп танып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған үкімі, прокуратурамен келтірілген апелляциялық наразылық негізінде бұзылды.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкерлік субъектіге тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына қатысты әкімшілік іс қозғады.